Құрметті есілдіктер!
Сіздерді Отан қорғаушылар күні - мемлекеттік мерекесімен құттықтаймыз!
Отанды қорғау-барлық уақытта қасиетті ұғым. Ел тәуелсіздік алғаннан кейін бұл ұғым ерекше мағынаға ие болды.
Бұл күн ерліктің, батылдық пен патриотизмнің символы болып табылады. Бүгін біз өз өмірін қиын әскери қызметке арнаған, мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын лайықты түрде қамтамасыз еткендерді құрметтейміз.
Қарулы Күштерде қызмет ету әрбір қазақстандықтың құрметті міндетіне, аға ұрпақтың батырлық және жауынгерлік дәстүрлеріне негізделген ерліктің қуатты адамгершілік мектебіне айналды.
Бүгінде өткен шайқастар батырларының немерелері мен шөберелері өз істерін абыроймен жалғастырып, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайтуға, өз отандастарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге өз үлестерін қосуда.
Құрметті есілдіктер, аспандарыңыз ашық, дендеріңіз сау, табысты болып, Қазақстан Республикасының гүлденуі үшін игілікті және маңызды істер атқара берулеріңізге тілектеспіз!