
2026 жылғы 11 ақпанда Есіл аудандық мәслихатының 44-ші кезекті сессиясы А.С. Әділбаеваның төрайымдық етуімен және Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Жүнісовтің қатысуымен өтті.
Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, Есіл қаласы, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдар мен аудандық қызметтердің басшылары, сондай-ақ Қоғамдық кеңестің мүшелері шақырылды.
Күн тәртібіндегі «Есіл ауданы бойынша 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге!» «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының іс-шаралары мен көрсеткіштерінің орындалуы туралы» мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары А.Т. Жүнісов сөз сөйледі.
«Агротехникалық колледж мемлекеттік тапсырыс шеңберінде білікті жұмысшы кадрлар мен орта буын мамандарын даярлау бойынша жүргізетін жұмыс туралы» МКҚК «Есіл қаласы, агротехникалық колледжі» директоры М.Ш. Мұқатаев сөз сөйледі.
2025 жылғы 19 желтоқсандағы № 8С-42/2 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» және 2025 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-43/2 «Есіл қаласы, Красногорский кенті, ауылдар мен ауылдық округтердің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешімдеріне өзгерістер енгізу мәселелері бойынша Есіл ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Қ. Даулыбаева сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Есіл ауданының учаскелік сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізілді.
Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.