2026 жылғы 2 ақпанда мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы өтті. Отырыс барысында тұрақты комиссия төрағаларының 2025 жылда атқарылған жұмыстар туралы есептері тыңдалып, 2026 жылға арналған комиссиялардың жұмыс жоспарлары бекітілді.
Қаланың сәулет келбетін жақсарту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар жөніндегі күн тәртібінде қаланың әкімі Есіл Г.М. Айтмұхамбетов сөз сөйледі. Ол қалалық ортаны кешенді дамытуға және қазіргі заманғы сәулет келбетін қалыптастыруға бағытталған атқарылып жатқан шараларды атап өтті.
Сонымен қатар, 2025 жылғы қызмет нәтижелері мен 2026 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы Есіл ауданының «Ман¬сап орталығы» филиалының директоры Шайхистанов Н.Ж. сөз сөйледі. Ол депутаттарды халықты жұмыспен қамтуды қолдауға бағытталған негізгі жұмыс бағыттарымен және алдағы кезеңге арналған басты басымдықтармен таныстырды.
Отырыс қорытындысы бойынша тиісті ұсыныстар беріліп, болашақтағы бірлескен жұмысқа арналған міндеттер белгіленді.