Есіл аудандық мәслихатының депутаттары Қоғамдық кеңес отырысына қатысты

Есіл аудандық мәслихатының депутаттары Қоғамдық кеңес отырысына қатысты

 

  2026 жылғы 27 қаңтарда Есіл аудандық мәслихатының депутаттары Қоғамдық кеңестің отырысына қатысып, ауданның су тасқыны кезеңіне дайындығы, гидротехникалық құрылыстардың техникалық жай-күйі, мемлекеттік сатып алулар аясында авторлық және техникалық қадағалау жұмыстарына бақылау жүргізу, сондай-ақ сәулет саласындағы басым бағыттар мәселелері қаралды.

   Отырыс барысында баяндамашыларға бірқатар нақты сұрақтар қойылып, оларға жан-жақты әрі мазмұнды жауаптар берілді. Талқылау конструктивті әрі іскерлік жағдайда өтті.

    Қоғамдық кеңестің отырысы депутаттар мен қоғам өкілдері арасындағы ашық диалог алаңына айналып, өзара ара-қатынасты нығайтуға және ауданның өзекті мәселелерін шешуге ықпал етті.