Есіл аудандық мәслихатының депутаттарын марапаттау

Есіл аудандық мәслихатының депутаттарын марапаттау

   

   Есіл ауданында ауыл шаруашылығы, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мереке аграрлық сектор өкілдерін, сала ардагерлерін, депутаттар мен күнделікті еңбегі ауданның азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаруашылық басшыларын жинады.

  Есіл ауданының әкімі Серік Мырзасейітұлы Балжанов қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйледі.

     Іс-шара аясында сала үздіктерін марапаттау рәсімі өтті. Ақмола облысының әкімі атынан адал еңбегі мен ауданның ауыл шаруашылығын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Есіл аудандық мәслихатының депутаттары - «Жанатлек» ШФҚ басшысы Буканов Қайрат Қайдарұлы және «Тней-Агро» ЖШС директоры Болданов Дамир Саруарұлы Алғыс хаттармен марапатталды.

  Сондай-ақ Қ.Қ. Буканов «Ауыл» партиясының 25 жылдығына арналған мерейтойлық медальмен марапатталды. Марапатты әріптестері - депутаттар Т.А. Адильбаев мен А.П. Артёмов салтанатты түрде табыс етті. Бұл марапат оның ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан қомақты үлесін, көпжылдық нәтижелі еңбегін және кәсіби қызметіне деген адалдығын айқындайды.