2025 жылғы 23 желтоқсанда Есіл ауданының мәслихатында депутаттық сағат өтті, оның барысында Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттерін бекітуге қатысты мәселелер талқыланды.
Депутаттық сағат аяқталғаннан кейін Есіл ауданының әкімі С.М.Балжановтың қатысуымен аудандық мәслихаттың 43-ші кезекті сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, Есіл қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары қатысты.
Күн тәртібіндегі «Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің 2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері туралы», «Есіл ауданының 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын бекіту туралы» мәселелер бойынша Есіл ауданы экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.К.Даулыбаева баяндама жасады.
«Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № а-12/287 бірлескен қаулысына және Ақмола облысы Есіл ауданы мәслихатының 2023 жылғы 26 желтоқсандағы № 8С-15/6 «Есіл ауданының елді мекендерінің шекараларын (шегін) белгілеу туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» мәселе бойынша Есіл ауданының жер қатынастары бөлімінің басшысы Е.Е.Тынымбаев баяндама жасады.
Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.