Бүгін Есіл аудандық мәслихатында Есіл ауданының әкімі С. Балжановтың қатысуымен депутаттық сағат өтті. Оның барысында 2026 – 2028 жылдарға арналған аудан бюджетiн бекітуге қатысты мәселелер талқыланды.
Депутаттық сағат аяқталғаннан кейін Есіл ауданының әкімі С.Балжановтың қатысуымен аудандық мәслихаттың 42-ші кезекті сессиясы өтті. Сессияға аудан әкімінің орынбасарлары, Есіл қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, мемлекеттік органдар мен аудандық қызметтердің басшылары, Қоғамдық кеңес мүшелері шақырылды.
Күн тәртібіне сәйкес «2026–2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы», «Есіл ауданының Қоғамдық кеңесінің қызметі және жақын болашақтағы міндеттері туралы» мәселелер қаралды.
Аталған мәселелер бойынша ақпаратпен экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.К.Даулыбаева, Есіл ауданы Қоғамдық кеңесінің төрайымы Г.К.Каримова баяндама жасады.
Бұдан басқа, депутаттар Есіл аудандық мәслихатының 2026 жылға арналған жұмыс жоспарын, мәслихат аппаратының құрылымы мен штат санын, келесі қаржы жылына арналған қызметті қамтамасыз ету, аппаратты ұстау жөніндегі шығыстарды қарады және бекітті.
Сессияның барлық қаралған мәселелері бойынша тиісті шешімдер қабылдады.