Бүгін Есіл аудандық мәслихатында аудан әкімінің орынбасарларының, дербес бөлім басшыларының қатысуымен депутаттық сағат өтті, оның барысында бюджет бойынша шешімге өзгерістер енгізу талқыланды.
Депутаттық сағат аяқталғаннан кейін аудандық мәслихаттың 41-ші кезектен тыс сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, Есіл қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары қатысты.
Күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша «Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-30/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-31/2 «2025-2027 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Қ. Даулыбаева баяндама жасады.
Сондай-ақ, Есіл ауданының бюджетін қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның құрамына өзгеріс енгізу туралы мәселе қаралды.
Сессияның барлық қаралған мәселелері бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.