Есіл аудандық мәслихатында депутаттардың аудан әкімімен кездесуі өтті

Есіл аудандық мәслихатында депутаттардың аудан әкімімен кездесуі өтті

Бүгін Есіл аудандық мәслихатында депутаттардың аудан әкімі Серік Мырзасейітұлы Балжановпен кездесуі өтті.

Ашық диалог аясында аудан үшін өзекті мәселелердің кең ауқымы талқыланды. Депутаттар аудан басшысына кентішілік, аудандық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының жай-күйіне, ауылдық елді мекендерді сумен қамтамасыз етуге, елді мекендерді көгалдандыру мен абаттандыруға, ауылдық клубтар мен дәрігерлік амбулаториялар салуға қатысты өтініштерді жолдады.

Сондай-ақ, Есіл қаласының сыртқы архитектуралық келбетіне, ескі тұрғын үйлерді жаңарту және бұзу бағдарламасын іске асыруға, қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстауға, 2026 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындыққа байланысты мәселелер қаралды.

Аудан әкімі көтерілген әрбір мәселе бойынша жан-жақты түсініктеме беріп, атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтіп, алдағы іс-қимылдардың бағыттарын белгіледі.

Кездесу конструктивті атмосферада жағдайда өтті, аудан тұрғындарының өзекті мәселелерін шешуде өкілді және атқарушы биліктің өзара іс-қимылының маңыздылығын атап өтті.