
Бүгін Есіл аудандық мәслихатында аудан әкімі С.М. Балжановтың, аудан әкімінің орынбасарларының, дербес бөлім басшыларының қатысуымен депутаттық сағат өтті, оның барысында бюджет бойынша шешімге өзгерістер енгізу, ставкаларды белгілеу және жер комиссиясының құрамын бекіту мәселелері талқыланды.
Депутаттық сағат аяқталғаннан кейін аудандық мәслихаттың 40-шы кезектен тыс сессиясы өтті. Сессияда «Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-31/2 «Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» мәселе бойынша экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.К. Даулыбаева баяндады, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы И.С. Сәдуақасов ставка мөлшерін 4% - дан 2% - ға дейін төмендету туралы сөз сөйледі.
Сондай-ақ, Ақмола облысы Есіл ауданы әкімдігі жанындағы жер комиссиясының құрамын бекіту бойынша аудан әкімінің орынбасары Е.Т. Сыздықпаев сөз сөйледі.
Сессияның барлық қаралған мәселелері бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.