Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

  Бүгін Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

  Отырыс барысында кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы И.С. Сәдуақасов ауданда егін жинау науқанының қорытындысы туралы баяндады. Есіл қаласы әкімінің орынбасары Ю.Э. Шуллер жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы есеп берді. СЭБ Есіл аудандық басқармасы басшысының м.а. А.Е. Мулкубаева аудандағы санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылықтың жай-күйі мен шаралары туралы айтып берді. Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы А.Б. Елеусізова қатысушыларды ауданда діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы таныстырды.

  Отырыс қорытындысы бойынша қаулылар қабылданды, тиісті ұсынымдар берілді.