Есіл аудандық мәслихатының 39-шы кезектен тыс сессиясы

Есіл аудандық мәслихатының 39-шы кезектен тыс сессиясы

       Бүгін Есіл аудандық мәслихатының 39-шы кезектен тыс сессиясы өтті.

  Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары қатысты.

      Күн тәртібінің негізгі мәселесі бойынша - «Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-30/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» және «Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-31/2 «2025-2027 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» - Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Қ. Даулыбаева баяндама жасады.

   Сондай-ақ, басқа да бірқатар мәселелер қаралды. Есіл ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Есіл ауданының учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізілді.

  Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.