Депутаттық сағат

Депутаттық сағат

         Бүгін Есіл аудандық мәслихатында аудан әкімінің орынбасарлары мен дербес бөлім басшыларының қатысуымен депутаттық сағат өтті.

            Отырыста аудандық бюджетті түзетуге қатысты мәселелер қаралды.

     Есіл ауданының экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.Қ. Дауылыбаева баяндама жасады.

    Өзгерістер енгізу нақтыланған басымдықтар шеңберінде бюджет қаражатын қайта бөлу және жекелеген бюджеттік бағдарламаларды қаржыландыру жоспарларын өзгерту қажеттілігіне байланысты.

         Депутаттық сағаттың қорытындысы бойынша мәслихат сессиясында қарау үшін ұсынымдар берілді.