Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы

Есіл аудандық мәслихатының тұрақты  комиссияларының бірлескен отырысы

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Есіл аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Отырыс барысында экономика және қаржы бөлімінің басшысы А.К.Дауылыбаева 2026-2028 жылдарға арналған облыстық бюджет жобасына енгізу үшін ұсынылатын жобалардың тізбесімен таныстырды. Есіл ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы Қ.Б. Әбдібеков аудан бюджетінің кіріс бөлігін ұлғайту жөніндегі жұмыс туралы айтып берді. Ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі басшысының м.а. К.Т.Жүнісова қатысушыларды Есіл ауданының ведомстволық бағынысты кәсіпорындарымен олардың қызметінен түсетін кірістерді ұлғайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы таныстырды. Сондай-ақ, күн тәртібіне сәйкес басқа да мәселелер тыңдалды.

Отырыс қорытындысы бойынша қаулылар қабылданды, тиісті ұсынымдар берілді.