Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Есіл аудандық мәслихатының 38 кезекті сессиясы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдар мен ауылдық округтердің әкімдері, дербес бөлімдердің, аудандық қызметтердің басшылары, ауданның Қоғамдық кеңесінің мүшелері қатысты.
«Есіл ауданы әкімінің өзіне жүктелген функциялар мен міндеттердің орындалуы туралы» негізгі мәселе бойынша Есіл ауданы әкімінің орынбасары А.Т. Жүнісов, қорытындымен аудандық мәслихат депутаты Б.С. Баймұратов сөз сөйледі. Халық қалаулылары әкімнің атқарылған жұмыс туралы есебін тыңдап, бағалады. Өткен кезеңде ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуында оң динамика сақталуда.
Сондай-ақ, Есіл ауданы әкімдігі жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың, Есіл ауданының учаскелік сайлау комиссиясының құрамына өзгерістер енгізіліп, бекітілген күн тәртібіне сәйкес бірқатар басқа мәселелер қаралды.
Сессияда қаралған барлық мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.