Депутаттық сағат

Депутаттық сағат

Ағымдағы жылдың 23 қыркүйегінде Есіл аудандық мәслихатында «2025 жылға Есіл ауданы бойынша кондоминиум объектісін басқаруға және кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күтіп-ұстауға арналған шығыстардың ең төменгі мөлшерін бекіту туралы» мәселе бойынша депутаттық сағат өтті.

«Есіл ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сектор меңгерушісі В.А. Нұртдинова баяндама жасады, ол ағымдағы тарифтерді, коммуналдық қызметтердің құнын және көппәтерлі үйлердің ортақ мүлкін күтіп-ұстау жөніндегі жұмыстардың көлемін талдауға сүйене отырып, міндетті шығыстардың ең төменгі мөлшерін қалыптастыру бойынша ұсыныстарды айтты.

Талқылау барысында депутаттар тұрғын үй иелеріне қаржылық жүктемені нақты реттеу қажеттігін атап өтіп, қызмет көрсетудің тиісті деңгейін және мүліктің сақталуын қамтамасыз етудің маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ қаражатты пайдаланудың ашықтығы, есеп айырысудың бірыңғай тәсілдерін белгілеу және қызмет көрсететін ұйымдар тарапынан шарттық міндеттемелердің орындалуын бақылау мәселелері көтерілді.

           Депутаттық сағаттың қорытындысы бойынша мәслихаттың кезекті сессиясында мәселені одан әрі қарау үшін ұсынымдар әзірленді.