Ақмола облысының әкімі М. М. Ахметжановтың халықпен кездесуі

Ақмола облысының әкімі М. М. Ахметжановтың халықпен кездесуі

2025 жылғы 18 қыркүйекте Есіл ауданына Ақмола облысының әкімі М.М.Ахметжанов келді.

Жұмыс сапары барысында Марат Мұратұлы, Есіл аудандық мәслихатының депутаты, «Органико» ЖШС-нің директоры Д.С.Болдановтың кәсіпорнына барды. Мұнда ол негізгі өндіріспен және шаруашылықтың жаңа жобаларымен танысып, көкөніс алқаптарын аралады. Бұл кәсіпорын деверсификация стратегиясын жүзеге асырады. Дәнді және майлы дақылдарды, сондай-ақ көкөністерді-картоп пен сәбізді өсіреді. Биыл 80 гектарға сәбіз егілді, 100 гектардан астам жерге картоп отырғызылды. Орташа өнімділік  гектары 80 тоннаға жетеді.

Әрі қарай облыс әкімі «Заречное» ЖШС-де болып, аграрлықтармен кездесіп, егін жинау науқанының аралық қорытындыларын талқылады. Шаруашылық 45 мың гектардан астам жерді өңдейді, оның 42 мыңнан астамы егіспен қамтылған. Негізгі дақыл-бидай, оған 26 мың гектарға жуық жер бөлінген. Арпа, сұлы, жасымық және жемдік шөптер де өсіріледі. Бұл ЖШС Ақмола облысында алғашқылардың бірі болып өз алаңдарын цифрландырды. Жасанды интеллект негізінде цифрлық технологияларды енгізу егістіктердің жай-күйін дәл бақылауға және өнімділікті арттыруға мүмкіндік береді.

Содан кейін Заречное ауылының мәдение үйінде Есіл ауданының тұрғындарымен кездесу өтті, оған аудандық мәслихат депутаттары белсенді қатысты. Кездесу диалог алаңы форматында өтті. Өңір басшысы Есіл ауданы егісал қаптары бойынша (486,6 мыңга) 3 орынды екенін атап өтті. Майлы дақылдар алқабы 45 мың гектарға дейін ұлғайтылды. Биыл рекордтық өнім - 7 млн. тонна болады деп күтілуде. Ауданда жалпы сомасы 1,7 млрд. теңгеге  6 инвестициялық жоба іске асырылуда. Құрама жемжәне қайта өңдеу зауыттарын, сондай-ақ 100 мың тоннаға элеватор салу жоспарлануда, тиісінше жаңа жұмыс орындары құрылатын болады. Марат Мұратұлы аудан тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету бойынша жоспарланған жұмыстарға қатысты сұраққа да жауап берді.

Кездесу соңында облыс әкімі аудан әкімдігіне аудан аумағында тозығы жеткен тұрғын үйді іске асыру үшін шаралар қабылдауды, Игілік, Знаменка және Красивое  ауылдарындағы су құбыры желілерін қайта жаңартуды уақтылы аяқтауды тапсырды.