Есіл аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2026 жылғы 24 маусымда сағат 11.00-де Есіл қаласында сегізінші шақырылған Есіл аудандық мәслихатының кезектен тыс 49-ші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына сұрақ енгізіледі:
Есіл аудандық мәслихатының 2023 жылғы 28 желтоқсандағы № 8С-13/4 «Есіл ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.