Есіл аудандық мәслихатының депутаттары мен аудан халқының назарына!
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес 2025 жылғы 13 қарашада сағат 11.00-де Есіл қаласында сегізінші шақырылған Есіл аудандық мәслихатының кезектен тыс 39-шы сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына сұрақтар енгізіледі:
1. «Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 8С-30/2 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
2. «Есіл аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы № 8С-31/2 «2025-2027 жылдарға арналған Есіл қаласының, Красногорский кентінің, ауылдардың және ауылдық округтердің бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы және басқа сұрақтар.
Есіл аудандық мәслихаты
төрайымының өкілеттігін
уақытша жүзеге асырушы Е.Челюбеева