Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының (бұдан әрі - сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Ақмола облысының Ерейментау аудандық мәслихаты №412 учаскелік сайлау комиссиясының құрамындағы өзгерістер туралы хабарлайды.
Сайлау комиссияларының өкілеттігінің мерзімі бес жылды құрайды.
Әрбір саяси партия тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына аталған саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Саяси партиялардан ұсыныстар түспеген жағдайда мәслихаттар сайлау комиссиясын өзге қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссияларының ұсынысы бойынша сайлайды.
Саяси партиялар, өзге қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық бөлімшелері және құрылатындарға қатысты жоғары тұрған сайлау комиссиялары 2025 жылғы 6 мамырдан 19 мамырға дейін мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:
1) сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар туралы белгіленген нысандағы электронды және қағаз түрінде мәліметтер;
2) тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссияларының шешімдерінен үзінді;
3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін) тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
4) кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына белгіленген нысан бойынша қатысуға келісімі туралы өтініштері.
Сайлау комиссиялары құрамына кандидатуралар туралы мәліметтердің, кандидаттардың сайлау комиссияларының жұмысына қатысуға келісім беруі туралы өтініштерінің нысаны мәслихаттың сайтына орналастырылған.
Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын тұлға сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.
Осы Конституциялық заңның 23-бабының 3-тармағында көзделген сайлау учаскелерін құру жағдайларын қоспағанда, сайлау комиссиясы құрамының жартысынан көбі бір ұйымның жұмыскерлері болмауға тиіс.
Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Мәслихатқа ұсынылатын барлық қағаз нұсқадағы құжаттарда басшының қолы қойылған, мөрмен бекітілген және орындалу күні, орындаушының фамилиясы, аты-жөні мен телефон нөмірі көрсетілген болуы тиіс.
Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2025 жылғы 19 мамырға дейін дүйсенбі мен жұма аралығында сағ. 09:00-ден 18:30-ға дейін, үзіліс сағ.13:00-ден 14:30-ға дейін.
Әбжіков Медеу Ерболұлы – аудандық мәслихат төрағасы.
Мәслихаттың орналасқан жері: Ерейментау қаласы, А. Құнанбаев көшесі, 121.
Жауапты адам - Абдрахманова Жұлдыз Жұмабекқызы, қызметтік телефон нөмірі (8716 33) 2-17-40, электрондық пошта мекенжайы ermaslihat@yandex.kz
Ерейментау аудандық мәслихаты келесі сайлау комиссияларының құрамына өзгерістер енгізеді:
№ р/н |
Сайлау учаскесінің нөмірі |
Сайлау комиссиясының орналасқан жері |
Сайлау комиссиясы мүшелерінің саны |
||
Учаскелік сайлау комиссиялары |
|
||||
1 |
412 |
Ақмола облысы, Ерейментау ауданы, Өлеңті ауылы, Мәншүк Маметова көшесі, 1а, «Ақмола облысы білім басқармасының Ерейментау ауданы бойынша білім бөлімі Өлеңті ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғимараты. |
1 |
|
|
Ерейментау аудандық мәслихаты
Ұсынымдарға 5.1-қосымша
Нысан
_____________________________________________________
(мәслихаттың толық атауы)
төрағасына
_________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
_______________________________________________тұратын
(облыс, Астана қ, Алматы қ, Шымкент қ,
_________________________________________________________
аудан, елді мекен, көше, үй, пәтер)
______________________________________________________
(ұялы телефондардың нөмірлері)
Өтініш
Мен,__________________________________________________________________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
______________________________________________________________________
(саяси партияның, өзге қоғамдық бірлестіктің, жоғары тұрған сайлау комиссиясының атауы)
ұсынылған Қазақстан Республикасының азаматы, аумақтық сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға өз келісімімді беремін.
Сайлау органдарында жұмыс тәжірибем бар _______________________________________
( иә, ___ жыл/ жоқ)
Өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығым жоқ.
Саяси мемлекеттік қызметші лауазымын атқармаймын.
Мен Парламент, мәслихат депутаты, әкім, өзге де жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мүшесі немесе Қазақстан Республикасы соттарының судьясы емеспін.
Уәкілетті органдарға заңда белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған сотталғандығымның, iс-әрекетке қабiлетсiз, iс-әрекетке қабiлетi шектеулi екенімді тану туралы сот шешімінің жоқтығы мәніне сауалдар жіберу үшін менің ЖСН-ді пайдалануға келісімімді беремін.
2025 жылғы «____»____________ _________________________
(өтініш берушінің қолы)
Өмірбаяндық деректер:
Туған күні 19 _____ жылғы «____» _______________
Жеке сәйкестендіру номері (ЖСН) _____________________________________________________
Ұлты* _______________________________
Партиядағы мүшелігі * _______________________________________________________________
Білімі _____________________________________________________________________________
Мамандығы _________________________________________________________________________
Жұмыс орны немесе кәсіп түрі __________________________________________________________
Атқаратын қызметі ____________________________________________________________________
Жеке куәліктің деректері _____________________________________________________________
(куәлік нөмірі, қашан және кім берген)
Комиссия құрамын қалыптастыратын мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын 18 жастан асқан жақын туыстарым туралы мәліметтерді қоса тіркеймін**.
Ескертпе:
* Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабы 1-тармағына сәйкес ұлты мен қай партияға жататыны кандидаттың қалауы бойынша көрсетіледі.
** Бір сайлау комиссиясының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға інілері мен апа-сіңілілері, қарындастары, аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.
Өтінішке қосымша
Жақын туыстар туралы мәліметтер __________________________________________________________________
(Өтініш берушінің аты-Жөні)
п/п |
Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда)
|
ескертпе |
1. |
|
әкесі |
2. |
|
анасы |
3. |
|
ұлы |
4. |
|
қызы |
5. |
|
ағасы |
6. |
|
әпкесі |
7. |
|
атасы |
8. |
|
әжесі |
9. |
|
немересі |
10. |
|
жұбайы |