
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес 2026 жылғы 15 сәуірінде сағат 10:00-де, ZOOM арқылы онлайн режимінде, сегізінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс 54-ші сессиясы өтетінін хабарлаймын.
Сессияның қарауына: «Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 қаңтардағы №8С-15/3-24 «Ерейментау ауданында әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» сұрақ енгізіледі.
Онлайн трансляциясы:
https://www.facebook.com/profile.php?id=100062570830999&mibextid=ZbWKwL
Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы М.Әбжіков