
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес 2026 жылғы 1 сәуірінде сағат 11:00-де сегізінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс 53-ші сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.
Сессияның қарауына «Ерейментау аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №8С-47/2-25 «2026-2028 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» және басқа да сұрақтар енгізіледі.
Онлайн трансляциясы:
https://www.facebook.com/profile.php?id=100062570830999&mibextid=ZbWKwL
Ерейментау аудандық мәслихатының төрағасы М.Әбжіков