Сегізінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

Сегізінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихаты депутаттары мен аудан тұрғындарының назарына

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 10-бабының 3-тармағына сәйкес 2025 жылғы 13 қарашада сағат 16:00-де сегізінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс 46-шы сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Сессияның қарауына келесі сұрақтар енгізіледі:

  1. Сегізінші шақырылымның Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық алтыншы сессиясының күн тәртібін бекіту туралы.
  2. Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №8С-34/3-24«Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  3. «Ерейментау аудандық мәслихатының кейбір шешімдерін жою туралы».
  4. Ерейментау ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне 2026 жылға арналған тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін көтерме жәрдемақы және әлеуметтік қолдау көрсету туралы.
  5. «Ерейментау аудандық мәслихатының 2019 жылғы 20 сәуірдегі №6С-37/7-19 «Ерейментау ауданы билер кеңесінің дербес құрамын бекіту туралы»шешімін жою туралы.
  6. Ерейментау аудандық мәслихатының 2016 жылғы 17 ақпандағы №5С-46/11-16 «Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы құқықтық тәртіп және құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  7. «Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Ерейментау аудандық мәслихатының 2021 жылғы 31 наурыздағы №7С-4/6-21 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.
  8. «Ерейментау ауданы бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсетуге үміткер адамның (отбасының) өтінішін қарау жөніндегі арнайы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 11 сәуірдегі №8С-19/3-24 шешіміне өзгеріс енгізу туралы.

 

Онлайн трансляциясы:

https://www.facebook.com/profile.php?id=100062570830999&mibextid=ZbWKwL

 

Ерейментау аудандық

мәслихатының төрағасы                                                                  М.Әбжіков