Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 2 қыркүйекте Ерейментау аудандық мәслихатының кезектен тыс 44-сессиясы өтті.

Сессия барысында 2025–2027 жылдарға арналған Ерейментау қаласының, ауылдар мен ауылдық округтердің бюджеттеріне енгізілетін өзгерістер қаралды. 

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша «Ерейментау ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы К.С.Мұқышев баяндама жасады.

Өзгерістер бірқатар мәселелерді шешу мақсатында, кірістер бойынша жоспар-болжамды ұлғайту, 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша жергілікті өзін-өзі басқару бюджеттерінде қалыптасқан еркін қалдықтарды бағыттау есебінен әзірленді. Қала, ауылдар мен ауылдық округтер әкімдерінен түскен өтінімдерге сәйкес, төртінші деңгейдегі бюджетке 2025 жылға өзгерістер енгізілді.

Сонымен қатар, жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер түсімі жоспарының өзгеруіне байланысты бюджеттің кіріс және шығыс бөліктеріне де өзгерістер енгізілді.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар ЖӨБ бюджеттеріне ұсынылған өзгерістерді бекітті.