Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

2025 жылғы 29 тамызда аудандық мәслихаттың кезектен тыс қырық үшінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімі Н.З.Мұқатов және тізім бойынша шақырылғандар қатысты.

Күн тәртібіне сәйкес депутаттар келесі мәселелерді қарады:

1. Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы № 8С-34/2-24 «2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

2. Ерейментау ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы.

3. Ерейментау аудандық мәслихатының 2024 жылғы 23 желтоқсандағы №8С-34/3-24 «Ерейментау ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының құрамын және комиссия туралы Ережені бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Күн тәртібіндегі мәселелерді қарау қорытындысы бойынша депутаттар тиісті шешімдер қабылдады.