2025 жылдың 4 тамызында Ерейментау аудандық мәслихатының Тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өткізілді.
Жиналысқа Ерейментау аудан әкімі Н.З.Мұқатов, аудан әкімі орынбасарлары, Ерейментау аудандық қоғамдық Кеңес төрағасы, кеңес комитеттерінің төрағалары мен мүшерелері, бұқаралық ақпарат өкілдері, тапсырыс беруші мемлекеттік мекемелер мен мердігер ұйымдар өкілдері шақырылды.
Күн тәртібіне сәйкес келесі өзекті мәселелер талқыланды:
1) Ерейментау қаласындағы жолдарды ағымдағы (шұңқырлы) жөндеу. (Баяндамашы: Ерейментау қаласының әкімі Т.Ахметов)
2) Ерейментау қаласының аула алаңдарын абаттандыру.
(Баяндамашы: Ерейментау қаласының әкімі Т.Ахметов)
2. Ерейментау қаласын сумен жабдықтау жүйелерін реконструкциялау.
(Баяндамашы: «Ерейментау ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Д.Хамитов)
3. Ерейментау қаласының қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының қазіргі жағдайы туралы.
(Баяндамашы: «Ерейментау ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бас маманы Аманбек Ботагоз; «Repoint» рЖШС директоры А.Герман)
Мәслихат депутаттары күн тәртібіндегі мәселелерді жан-жақты талқылап, олар бойынша тиісті қаулылар қабылдады.
Сондай-ақ, аудандық мәслихат депутаттары тарапынан тапсырыс беруші ұйымдардың басшыларына және мердігер ұйымдардың өкілдеріне бірқатар ескертулер мен ұсыныстар жасалды. Отырыс қорытындысы бойынша аудан басшылығына бірқатар депутаттық сауалдар, ұсыныстар жолданатын болады. Жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жоспарланған іс-шаралардың сапалы және уақтылы орындалуы мәслихат депутаттарының бақылауында.