Кезектен тыс XLІ сессия

Кезектен тыс XLІ сессия

Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VIIІ шақырылымының кезекетен тыс XLІ сессиясы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, 2025 жылдың 14 наурызында VІII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың XLІ сессиясының отырысы өтті. 

Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, бөлім, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды:

1) Кезектен тыс XLІ сессияның күн тәртібін бекіту туралы;
2) Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы VIII-35-161 «Еңбекшіқазақ ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы;
4) Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі аудандық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
5) Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі жанындағы нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
6) Еңбекшіқазақ ауданындағы ұлттық стандартқа сәйкес келмейтін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын ауыстыру және жою туралы комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
7) Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы азаматтық қоғам институттарымен өзара байланыс жөніндегі кеңестің дербес құрамын бекіту туралы;
8) Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы.