Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VIIІ шақырылымының кезекетен тыс XL сессиясы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, 2025 жылдың 06 наурызда VІII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың XL сессиясының отырысы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, бөлім, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды:
1) Кезектен тыс XL сессияның күн тәртібін бекіту туралы;
2) Еңбекшіқазақ аудандық мәслихатының 2025 жылғы 6 қаңтардағы № VIII-36-136 «Еңбекшіқазақ ауданының Есік қаласы мен ауылдық округтерінің 2025-2027 жылдарға арналған бюджеттері туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
3) Еңбекшіқазақ ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы;
4) Еңбекшіқазақ ауданының ауданішілік қалаішілік (қала маңындағы) және ауылішілік (ауылдық) әлеуметтік маңызы бар тұрақты автобус қатынастары тарифтерін белгілеуге келісім беру туралы;