Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың VIIІ шақырылымының кезекетен тыс XXХIX сессиясы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 11-бабына сәйкес, 2025 жылдың 28 ақпандағы VІII шақырылған Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттың XXХIX сессиясының отырысы өтті.
Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасары, бөлім, басқарма басшылары, БАҚ өкілдері қатысты.
Сессияның күн тәртібінде келесі мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды:
1) Кезектен тыс XXХIX сессияның күн тәртібін бекіту туралы;
2) Еңбекшіқазақ аудандық мәслихаттының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы VIII-35-161 «Еңбекшіқазақ ауданының 2025-2027 жылдарға арналған бюджеті туралы шешіме өзгерістер енгізу туралы»;
3) Еңбекшіқазақ аудандық қоғамдық кеңестің құрамын бекіту туралы;
4) Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы;
5) Еңбекшіқазақ ауданында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
6) Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
7) Еңбекшіқазақ ауданы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы;
8) Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің жанындағы терроризмге қарсы комиссияның құрамын бекіту туралы;