Қадірлі жерлестер!
Сіздерді 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын!
Қайсарлықтың ерен үлгісі болған абзал азаматтарды, ұландарды, жасампаз да жігерлі жігіттерді, барша аға буын өкілдерін төл мерекесімен құттықтаймыз. Нәзікжандыларға қорған болып, ел үшін емірене еңбек ете беріңіздер. Денсаулықтарыңыз мұқалмай қашанда абырой биігінен көріне берулеріңізге тілектеспін. Еліміздің өркендеуі жолында атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, денсаулық, мол бақыт және бейбіт ғұмыр тілейміз.
Біздің тәуелсіздігіміз бен тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт тірлігімізді қас қақпай күзетіп тұрған, халқымызға қорған болған ұлттық әскеріміздің айбыны арта берсін!
Халқымызда «Ер – елінің қорғаны» деген аталы сөз бар. Біз осындай жандардың ержүрек істеріне сай сый-құрмет көрсете отырып, олардан өнеге алып өсетін жас ұрпақ Отанына адал қызмет етеді деп сенеміз.
Әр сүйем жер үшін, ата-баба қонысын жаудан көздің қарашығындай қорғап жүрген еңсегей бойлы ерлерді, жаужүрек, қайсар мінезді сардарларымыз бен сарбаздарымызды тағы да бүгінгі мерекелерімен құттықтап, зор денсаулық, қажымас қайрат, жанұяларыңызға баянды бақыт тілейміз!
Ізгі ниетпен, Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы Қ. Шыңтеміров