Құрметті жерлестер, қымбатты Ауған соғысының ардагерлері!

Құрметті жерлестер, қымбатты Ауған соғысының ардагерлері!

2024 жылғы 15 ақпанында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 35 жыл толады. Атаулы датаға арналған жиын Егіндікөл ауданының мәдениет үйінде атап өтілді. Салтанатты жиында Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров құттықтау сөз алып, Ауғанстандағы соғыс - дәуір шежіресінің ең қасіретті беттерінің бірі. Ол  соғыс ардагерлерінің ғана емес, барлық кейінгі ұрпақтардың жадында  мәңгі қалатынын, бұл күні ел 1979-1989 жылдары Ауған соғысына қатысқан интернационалист жауынгерлерге құрмет көрсететілетін және қаза тапқандарды  еске алу ғана емес, сонымен қатар өзінің әскери және халықаралық борышын  адал әрі батыл атқарған тұлғалардың барлығына шынайы ризашылық пен  алғыс білдіру екенін айтты.  Ауған соғысының ардагерлеріне мерейтойлық медальдар табыс етті. Салтанатты жиын мерекелік концертке ұласты.

Құрметті жерлестер, қымбатты Ауған соғысының ардагерлері!

Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күнімен шынайы құттықтауымды қабыл алыңыздар!

Ұрыс аяқталған күннен бастап 35 жыл өтті. Бұл күні Кеңес әскерлері Ауғанстаннан толығымен шығарылды.

Соғыс қимылдары барысында кеңес жауынгерлері, соның ішінде егіндікөлдіктер де өздерінің әскери борыштарын абыроймен орындады.

Ерлік пен батылдықты абыроймен көрсеткен әрбір ардагерге шын жүректен алғысымды білдіремін. Сіздерге зор денсаулық, амандық және тәуелсіз еліміздің өркендеуін тілеймін!