
Жастар ресурстық орталығы ашылды.
Жастарға қызмет көрсету және Жастар бастамаларын қолдау мақсатында ағымдағы жылдың 28 сәуірінде "Егіндікөл ауданының Жастар ресурстық орталығы" КММ ресми ашылуы өтті .
Іс-шараға Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы Қ.Шынтеміров, аудандық мәслихат депутаттары, «Ведомствоаралық үйлестіру және өңірлік өзара іс-қимыл басқармасының» басшысы, Ақмола облысы жастар ресурстық орталығының басшысы мен мамандары қатысты.
Орталықтың негізгі міндеттері:
1) ақпараттық-әдістемелік сүйемелдеуді жүзеге асыру;
2) жастардың бастамаларын консультациялық сүйемелдеу және қолдау;
3) жастар ортасындағы ахуалға талдау жүргізу және мониторинг жүргізу.
Бүгінде Қазақстан жастары азаматтық қоғамның толыққанды, бастамашыл және жауапты субъектісіне айналды. Жастар үшін көптеген бағдарламалар іске асырылуда, жыл сайын мыңдаған жас мамандар, жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері өмірлік бастаудың жаңа мүмкіндіктерін алуда.
Аудан жастарының жетістіктері мен өзекті мәселелері талқыланды, коворкинг орталығында жастармен кездесу ұйымдастырылды.