"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты

"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау  Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты

"Б" корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін жалпы конкурс жариялау

 

Ақмола облысы Егіндікөл аудандық мәслихатының аппараты

 

Конкурс туралы ақпарат

Құжаттарды қабылдау мерзімі: 26.06-29.06.2026

1 кезеңге жіберу: 26.06-29.06.2026

2 кезеңге жіберу: 30.06.2026

Практикалық баға: 01.07.2026

Анықтама телефоны: 87164221617

E-4 санат үшін орташа лауазымдық жалақы : 243700

(Лауазымдық жалақы нақты қызметкердің жұмыс өтіліне байланысты хабарландыруда көрсетілгеннен өзгеше болуы мүмкін)

Блок Б, грейд 2

 

Лауазым атауы:

24.07.2027 жылға дейін негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас маманы негізгі қызметкердің көрсетілген уақыттан ерте шығу құқығымен

 

Функционалдық міндеттері:

Аудандық мәслихат аппаратында құжаттауды және іс жүргізуді жүзеге асыру. Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесінде (ЭҚАБЖ) жұмысты жүзеге асыру. Аудандық мәслихаттың сессияларына, тұрақты комиссиялардың отырыстарына құжаттарды дайындау және хаттамаларды ресімдеу. Аудандық мәслихат сессияларының отырыстарын өткізу тәртібін жасау, сессиялар отырыстарының хаттамаларын ресімдеу. Аудандық мәслихаттың ведомстволық мұрағатын жүргізу. Егіндікөл ауданының мұрағатына тапсыруға құжаттарды өңдейді және дайындауды қамтамасыз етеді. Мәслихат аппараты істерінің жиынтық номенклатурасын жасау.

Мемлекеттік тілде құжат айналымы мониторингі бойынша тоқсан сайынғы есептілікті ұсыну. Мәслихат сессияларында айтылған сын ескертпелер мен ұсыныстардың есебін жүргізу және олардың орындалу барысы. Депутаттарға олардың депутаттық өкілеттіктерін орындауға әдістемелік және практикалық көмек көрсету. Аудандық мәслихат басшылығы айқындаған өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

 

Білімі бойынша талап:

Педагогика ғылымдары немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат немесе бизнес, басқару және құқық немесе жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика салаларында.

 

Жұмыс тәжірибесі бойынша талаптар:

жұмыс өтілі талап етілмейді.

     

 

Шағым жасау тәртiбi

Үміткерлер уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не сот тәртiбiнде конкурс қорытындыларына және/немесе кадр қызметінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдана алады.

 

https://eqyzmet.gov.kz/#/main/vacancy/actual/1014164.5395833406