Құрметті түлектер, ұстаздар, ата-аналар!
Сіздерді ерекше мереке – Соңғы қоңыраумен шын жүректен құттықтаймын!
Бүгін мектеп қабырғасындағы ең жарқын әрі ұмытылмас кезеңдердің бірі аяқталып, жаңа өмірге бастар үлкен жол ашылуда. Бұл күн – қуаныш пен толғанысқа, үміт пен арманға толы ерекше сәт.
Қадірлі түлектер!
Алдарыңызда үлкен мүмкіндіктер мен маңызды таңдау тұр. Мектептен алған білімдеріңіз бен тәрбие, ұстаздарыңыздың ақылы мен ата-аналарыңыздың қолдауы сіздерді биік белестерге жетелейді деп сенемін. Қай салада еңбек етсеңіздер де, ел игілігі үшін қызмет етіп, туған жерлеріңіздің мақтанышына айналыңыздар!
Ұстаздарға жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бергені үшін шынайы алғысымды білдіремін. Ата-аналарға бала тәрбиесіндегі еңбектері мен қолдаулары үшін ризашылығымды жеткіземін.
Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке, толағай табыс тілеймін!
Түлектерге сәттілік, жарқын болашақ және асқақ армандардың орындалуын тілеймін!
Соңғы қоңырау құтты болсын!
Егіндікөл аудандық
мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров