Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары мен Егіндікөл ауданы тұрғындарының назарына

Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары                мен Егіндікөл ауданы тұрғындарының назарына

 Егіндікөл аудандық мәслихатының депутаттары

               мен Егіндікөл ауданы тұрғындарының назарына

 

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік  басқару   және  өзін-өзі   басқару   туралы» Заңының  10 бабының  3 тармағына сәйкес 2026 жылдың 22 мамыр күні сағат 11.00-де Егіндікөл ауылында  сегізінші  шақырылымдағы аудандық мәслихатының кезекті 39 сессиясы шақырылатынын хабарлаймын.

Сессияның қарауына енгізілетін негізгі мәселе:

  1. 2025 жылғы аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.

(Хабарлайды: Ю.В.Курушин – Егіндікөл ауданының әкімі).

  1. 2025 жылғы Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдары бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есепті бекіту туралы.

(Ақпараттандырады: Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының әкімдері).

  1. Егіндікөл ауданындағы эпидемиологиялық жағдай және 2025 жылғы қызмет қорытындылары туралы.

(Баяндамашы: Киреев Дамир Еркінұлы – «Егіндікөл аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы» РММ басшысының міндетін атқарушы).

Аудандық мәслихаттың тұрақты комиссияларының отырысы сағат 10.00-де өтеді.

  Егіндікөл аудандық мәслихат сессиясының Онлайн көрсетілімі Facebook платформасында

https://www.facebook.com/profile.php?id=100053669980397   өткізіледі.

 

                                                                                  Қ. Шынтеміров,  Егіндікөл

                                                                                аудандық  мәслихатының 

                                                                                төрағасы