
25 ақпанда Егіндікөл ауданына жұмыс сапарымен Ақмола облыстық мәслихатының төрағасы Бейбіт Жүсіпов келді. Сапардың мақсаты — Қазақстан Республикасы жаңа Конституциясының жобасын түсіндіру және оның негізгі ережелерін аудан жұртшылығымен талқылау болды.
Кездесулерге сондай-ақ Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы Шинтемиров Қ.А., Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Ошақбаев А.Т. қатысты.
Жұмыс сапары «Егіндікөл аудандық ауруханасы» ШЖҚ МКК ұжымымен кездесуден басталды. Әңгіме барысында Негізгі Заңның әлеуметтік бағыттылығы, азаматтардың құқықтарына берілетін кепілдіктер және өкілді билік институттарының рөлі мәселелері қозғалды. Медицина қызметкерлері қызығушылық танытып, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау жүйесін дамытуға қатысты бірқатар сұрақтар қойды.
Бағдарлама аудан әкімдігінде өткен жұртшылықпен кездесумен жалғасты. Талқылауға аудандық мәслихат депутаттары, Қоғамдық кеңес пен Ардагерлер кеңесінің мүшелері қатысты. Ашық диалог форматында демократиялық қағидаттарды нығайтуға, өкілді органдардың өкілеттіктерін кеңейтуге және мемлекеттік құрылымдардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейтуге бағытталған негізгі өзгерістер қарастырылды.
Жұмыс сапары сындарлы жағдайда өтті. Аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, пікірлерін білдіруге мүмкіндік алды. Осындай кездесулер билік пен қоғам арасындағы ашық диалогты қалыптастыруға, сенім мен азаматтық жауапкершілікті нығайтуға ықпал етеді.