
2025 жылғы 19 желтоқсанда мәслихат төрағасы Қ. А. Шынтеміровтың төрағалығымен Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 35-ші сессиясы өтті.
Сессия жұмысына Егіндікөл ауданының әкімі Юрий Викторович Курушин, Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасарлары, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты Әбілқайыр Тілеуғабылұлы Ошақбаев, Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының әкімдері, Егіндікөл ауданының дербес бөлімдерінің басшылары, аудандық қызмет басшылары, Қоғамдық кеңес, БАҚ мүшелері қатысты.
Егіндікөл аудандық мәслихатының сессиясында депутаттар ауданның 2026-2028 жылдарға арналған бюджетін, ауданның 2026-2030 жылдарға арналған даму жоспарын және аудандық мәслихаттың алдағы жылға арналған жұмыс жоспарын қарап, бекітті.
Мәслихат төрағасының 2025 жылғы атқарылған жұмыс туралы есебін тыңдады, әкімдіктің консультативтік-кеңесші органдарына өзгерістер енгізілді, аудандық және учаскелік комиссиялардың жаңартылған құрамы бекітілді.
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.
Аудан әкімі депутаттық корпустың бюджетті қалыптастырудағы және оның орындалу сапасын бақылаудағы рөлін атап өтті, халық қалаулыларына қолдауы мен жемісті бірлескен жұмысы үшін алғыс айтты.