
Құрметті жерлестер!
Баршаңызды Ұлттық мереке - Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Бұл мереке біртұтас Қазақстанның берекесі мен бірлігінің, әрбіріміздің туған өлкемізге деген шексіз сүйіспеншілігіміз бен адал еңбегіміздің нәтижелі нышаны деп білемін.
Республика күні – халықтың рухын көтеруге, мемлекеттілікті нығайтуға, бірлігіміз бен ынтымақтастығымызды нығайтуға арналған жарқын мереке.
Қадірлі егіндікөлдіктер!
Тарихи әрі идеологиялық мән-маңызы зор, тәуелсіз еліміздің ұлық мерекесі баршаңызға игілік, бақ-дәулет, ырыс-несібе әкелсін!
Қазақстанның тұрақты дамуы мен ұлттық стратегиялық мүддесі жолында әрбіріңіздің еңбектеріңіз табысты, барлық бастамаңыз сәтті болсын!
Сіздерге мықты денсаулық, отбасыларыңызға бақыт, зор жетістіктер тілеймін!Мереке құтты болсын!
Құрметпен, Қ. Шынтеміров Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы