Бүгін Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров аудандық мәдениет үйінде кәсіби мереке Ұстаздар күнімен құттықтады!

Бүгін Егіндікөл аудандық мәслихатының төрағасы Қ. Шынтеміров аудандық мәдениет үйінде кәсіби мереке Ұстаздар күнімен құттықтады!
Ұстаз — келер күннің ұстасы. Балалардың қалыптасып келе жатқан дүниетанымының, өмірге деген көзқарасының иесі. Біздердің бүгінгі болмысымыз әліппені жаттатқызып, қолға қалам ұстатқан кешегі ұстаздарымыздың еңбегі. Ендеше, ұрпағымыздың ертең қандай адам болып өсетіні — мұғалімдердің бүгінгі еңбегінің жемісі болмақ.
«Ұлттың ұлағаты — мәдениетте, мәдениеттің ұлағаты — оқу мен әдебиетте», — деген екен Ахмет Байтұрсынұлы.
Сіздердің игі еңбектеріңіз қоғамда құрметке ие, ол жоғары кәсібилікті, орасан зор рухани күш-жігерді, даналықты, шыдамдылық пен жігерді талап етеді. Бүгін отандық білім беруді дамыту мемлекеттік саясаттың маңызды басымдылықтардың қатарында тұр. Ұрпақ тәрбиесі жолында қызмет етіп келе жатқан мұғалімдердің ата-анадан кейінгі атқарар рөлі ерекше, Тәуелсіз мемлекетіміздің басты құндылығы - білімді адам.
Ұрпақ тәрбиелеу жолындағы толымды еңбектеріңізге шын пейілмен алғыс айта отырып, сіздерге зор денсаулық, қажымас қайрат, отбасыларыңызға амандық тілеймін!