Саяси партиялардың, өзге де қоғамдық бірлестіктер мен олардың құрылымдық бөлімшелерінің назарына
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 10-бабы 3-тармағы негізінде Егіндікөл аудандық мәслихаты жоғарыда аталған Заңның 19-бабының 6-тармағында көзделген негіздер бойынша шығып қалған сайлау комиссияларының мүшелеріне сайлау өткізеді:
құрамына:
№ 8 округтік сайлау комиссиясы, Егіндікөл ауылы – 1 адам;
378 учаскелік сайлау комиссиясы, Егіндікөл ауылы - 1 адам;
390 учаскелік сайлау комиссиясы, Қоржынуөл ауылы - 1 адам;
391 учаскелік сайлау комиссиясы, Бауман ауылы - 2 адам.
Осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күн ішінде аудандық мәслихат тиісті өкілеттіктері бар саяси партиялардан, қоғамдық бірлестіктерден және олардың құрылымдық бөлімшелерінен сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралардың ұсыныстарын қабылдайды, жоғары тұрған сайлау комиссияларынан аудандық мәслихатқа нақты сайлау комиссияларына ұсынылатын кандидатуралардың тізімдерін оларға қоса бере отырып, жібереді:
1) Жарғыға сәйкес тиісті өкілеттіктері бар саяси партия немесе өзге де қоғамдық бірлестік органының, олардың құрылымдық бөлімшелерінің тиісті сайлау комиссияларының құрамына кандидаттарды беру туралы отырысы хаттамасынан үзінді көшірме;
2) саяси партияны немесе өзге де қоғамдық бірлестікті, олардың құрылымдық бөлімшелерін әділет органдарында тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;
3) аудандық мәслихатқа кандидаттың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініші және өмірбаяндық деректері.
Әрбір саяси партия немесе оның құрылымдық бөлімшелері тиісті сайлау комиссиясының құрамына бір кандидатура ұсынуға құқылы.
Саяси партиялар, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.
Сайлау комиссияларына ұсынылған кандидатуралардың Қазақстан Республикасының азаматтығы болуға және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Заңның 19-бабы 2-1, 9, 10-тармақтарының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
Сайлау комиссияларына кандидатуралар бойынша ұсыныстар мына мекенжайға жіберілсін:
020600 Егіндікөл аудандық мәслихаты
Жеңіс көшесі 6
Егіндікөл ауылы,
Егіндікөл ауданы,
Ақмола облысы.
Жауапты тұлға-Алпыспаева Гүлмира Маратқызы, қалааралық телефон коды (871642), телефон нөмірлері: қызметтік: 2-17-18, 2-16-17
ұялы 8747 461 00 73
электрондық пошта мекенжайы: egindykol_masl@aqmola.gov.kz.