Егіндікөл ауданында 2024 жылғы бюджеттердің атқарылуы қорытындыланды

Егіндікөл ауданында 2024 жылғы бюджеттердің атқарылуы қорытындыланды

Егіндікөл ауданында 2024 жылғы бюджеттердің атқарылуы қорытындыланды

 

           Ағымдағы жылдың 23 мамырында Қабыкен Ағыбайұлы Шынтеміровтың төрағалығымен Егіндікөл аудандық мәслихатының кезекті 29 сессиясы өтті.

          Сессия жұмысына Егіндікөл ауданының әкімі Юрий Викторович Курушин, Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Асхат Базарбайұлы Каркенов, Егіндікөл ауданы әкімінің орынбасарлары, Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдарының әкімдері, Егіндікөл ауданының дербес бөлімдерінің басшылары, аудандық қызмет басшылары, Қоғамдық кеңес, БАҚ мүшелері қатысты.

Егіндікөл ауданының әкімі Ю. Курушин өткен жылы қол жеткізілген негізгі көрсеткіштер туралы баяндама жасады, сондай-ақ 2024жылғы Егіндікөл ауданының әлеуметтік маңызы бар жобаларын іске асыруға бағытталған шығыстарға егжей-тегжейлі тоқталды.

Аудандық бюджеттің және ауылдық округтер мен ауылдар бюджеттерінің атқарылуы бойынша Ақмола облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі А. Каркенов пен аудандық мәслихаттың Бюджет, қаржы, әлеуметтік-экономикалық даму жөніндегі тұрақты комиссиясының мүшесі Н.Исмайловтың қорытындылары тыңдалды.

Талқылау қорытындысы бойынша депутаттар 2024 жылға арналған аудандық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есепті бекітті. Егіндікөл ауданының ауылдық округтері мен ауылдары бюджеттерінің атқарылуы туралы жылдық есептер де мақұлданды.

Сонымен қатар, Егіндікөл ауданы әкімдігінің жанындағы жер комиссиясының дербес құрамы бекітілді.

Күн тәртібіне сәйкес барлық мәселелер қаралып, тиісті шешімдер қабылданды.