
2025 жылғы 16 мамырда Денисов аудандық мәслихатының экономика, өзін-өзі басқару және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Аудандық мәслихаттың экономика, өзін-өзі басқару және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына шақырылды:
1. Томилина Наталья Васильевна - Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі;
2. Жалғаспаев Жанебек Мерекеұлы - Денисов ауданы әкімінің орынбасары;
3. Компаков Қуаныш Жанзақұлы – «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер Басқармасы» РММ басшысы;
4. Подело Елена Николаевна - «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы.
Комиссия отырысында келесі мәселелер қаралды:
1. «Денисов ауданының 2024 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» аудан әкімдігінің есебі.
2. 2024 жылғы Денисов ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің бюджеттерін атқару туралы.
Тұрақты комиссия тиісті қаулы қабылдады.