Денисов ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібі
Денисовка а. 2025 жыл 1 сәуір
(ZOOM арқылы) сағат 15.00
Кеңес төрайымы: Фрайденберг Оксана Станиславовна.
Кеңес мүшелері: Омарова Наргиз Сапарқызы - "AMANAT" партиясы Денисов аудандық филиалының атқарушы хатшысы; Ольденбург Иван Валерьевич - "Денисовское" КС маманы; Иржанов Мадияр Сабыржанұлы – Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» КММ, бас есепші; Жұмабаева Ақерке Төлендіқызы - Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Денисов ауданындағы филиал директоры; Дүйсебаев Азамат Амангелдіұлы - "Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" ММ басшысы; Аманшина Света Аманқосқызы - зейнеткер; Титова Галина Викторовна - "Титова" ЖК зейнеткер; Достанов Болат Құланбайұлы - "Ардагерлер ұйымы" РҚБ Денисов аудандық филиалы, төраға, зейнеткер; Рагуля Владислав Сергеевич - "Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі" ММ басшысы; Важничий Валерий Юрьевич - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының "Денисов ауданының білім бөлімінің шығармашылық үйі" КММ басшысы.
Шақырылғандар:
1. "Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі" ММ басшысы – Подело Елена Николаевна.
2. Денисов ауданы әкімі аппаратының ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу жөніндегі аудан әкімінің бас инспекторы – Адамбаев Самат Маратұлы.
3. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы - Минкина Алия Ертаевна.
Күн тәртібі
1. Қарау "Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2021 жылғы 12 мамырдағы № 33 "азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт саласындағы мамандарға жиырма бес пайызға жоғары лауазымдық жалақылар мен тарифтік ставкаларды белгілеу туралы"шешіміне өзгерістер енгізу туралы" Денисов аудандық мәслихатының шешімінің жобасы.
2. 2024 жылдың қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызметтер көрсетуі туралы баяндама.
3. Мемлекеттік қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру туралы баяндама.
Баяндамашылар
1. «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы – Подело Елена Николаевна.
2. Денисов ауданы әкімі аппаратының ішкі бақылау және мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мониторингілеу жөніндегі аудан әкімінің бас инспекторы – Адамбаев Самат Маратұлы.
3. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қостанай облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер басқармасының бас маманы - Минкина Алия Ертаевна.