Денисов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аудандық сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдау туралы Денисов аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

Денисов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі аудандық сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша ұсыныстар қабылдау туралы Денисов аудандық мәслихатының ХАБАРЛАМАСЫ

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының (бұдан әрі – сайлау туралы Конституциялық заң) 10-бабына сәйкес Денисов аудандық мәслихаты Денисов аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі №1, №2, №3, №9 округтік сайлау комиссияларының құрамына кандидатуралар бойынша  шығарылғандардың орнына ұсыныстардың қабылданғаны туралы хабарлайды.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адам сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарына сай болуға тиіс.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелері болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылатын адамдар оның жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштерді қоса береді.

Ұсыныстар саяси партиялардан және өзге де қоғамдық бірлестіктерден хабарландыру жарияланғаннан кейін он бес күн мерзімде қабылданады.

Саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бірлестіктер мәслихатқа мынадай құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер белгіленген нысан бойынша электрондық және қағаз форматта;

2) тиісті сайлау комиссиясының құрамына кандидаттарды ұсыну туралы саяси партияның, қоғамдық бірлестіктің немесе олардың филиалдарының (өкілдіктерінің), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешімінен үзінді көшірме;

3) саяси партияны, қоғамдық бірлестікті немесе олардың филиалдарын (өкілдіктерін)тіркеу туралы құжаттың көшірмесі;

4) кандидаттардың белгіленген нысан бойынша сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидатуралар туралы мәліметтер нысандары, кандидаттардың сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісімі туралы өтініштері мәслихаттың https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-denisov/activities/directions?lang=kk сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының мүшесі осы комиссияның құрамын қалыптастырған мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Мәслихатқа қағаз форматта ұсынылатын барлық құжаттарға қол қойылуы, мөрмен куәландырылуы және орындалған күні, орындаушы туралы белгі, тегі, аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі тиіс.

Мәслихаттың орналасқан жері: Денисовка ауылы, Калинин көшесі, 5; анықтама телефоны: 8 (71434) 2-14-36, электрондық поштасының мекен-жайы: den.maslixat@mail.kz