Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы туралы

Тұрақты комиссиялардың бірлескен отырысы туралы

2026 жылғы 21 мамырда аудандық мәслихаттың экономика, өзін-өзі басқару және бюджетті жоспарлау мәселелері және әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саланы дамыту, құқықтық тәртіп және заңдылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Тұрақты комиссиялардың отырысына шақырылды:

Жалғаспаев Жәнібек Мерекеұлы, «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  басшысы;

Испудинов Арман Жақсыбекұлы, Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясы мүшесіне;

Компаков Қуаныш Жанзақұлы, «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің Қостанай облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Денисов ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы» РММ басшысы;

Жакенова Бақытгүл Кеңесқызы, «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы.

Комиссия отырысында келесі мәселелер қаралды:

1. «Денисов ауданының 2025 жылғы бюджетінің атқарылуы туралы» аудан әкімдігінің есебі туралы.

2. 2025 жылғы Денисов ауданының ауылдары мен ауылдық округтерінің бюджеттерін атқару туралы.

3. Денисов аудандық мәслихатының 2024 жылғы 10 шілдедегі № 42 «Денисов ауданында тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшері мен қағидаларын бекіту туралы» шешімін іске асыру барысы туралы.

4. Денисов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешімін іске асыру барысы туралы.

Бірінші мәселе бойынша «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жалғаспаев Жанебек Мерекеұлы және Қостанай облысы бойынша Тексеру комиссиясының мүшесі Испудинов Арман Жақсыбекұлы тыңдалды.

Екінші мәселе бойынша «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жалғаспаев Жанебек Мерекеұлы тыңдалды.

Денисов аудандық мәслихатының әлеуметтік қорғау саласындағы шешімдерінің іске асырылу барысы туралы «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Жакенова Бақыткүл Кеңесқызы хабарлады.