Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткізілді

Мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өткізілді

2026 жылғы 27 сәуірде Денисов аудандық мәслихатының төрағасы Шерер Виктор Викторовичтің төрағалығымен сегізінші шақырылған мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия барысында келесі мәселе қаралды:

Денисов аудандық мәслихатының 2025 жылғы 30 желтоқсандағы № 75 «Денисов ауданы ауылдарының  және  ауылдық  округтерінің  2026-2028 жылдарға арналған бюджеттері  туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

Депутаттар алдында «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жалғаспаев Жанебек Мерекеұлы баяндама жасады. Өз сөзінде ол ұсынылған өзгерістерге егжей-тегжейлі тоқталып, түзетулер бюджет қаражатын пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталғанын атап өтті.

Сессия барысында Денисов аудандық мәслихатының депутаттары мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдауға дауыс берді.