Денисов ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібі

Денисов ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібі

Денисов ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібі 

Денисовка а.                                                                             2026 жыл 10 сәуір

(ZOOM арқылы)                                                                       сағат  15.00 

Кеңес төрайымы: Фрайденберг Оксана Станиславовна.

Кеңес мүшелері: Омарова Наргиз Сапарқызы – «Қайрат» ШҚ басшысының орынбасары; Ольденбург Иван Валерьевич – «Денисовское» КС маманы; Иржанов Мадияр Сабыржанұлы – Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының  «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» КММ бас есепшісі; Абильхаирова Ақерке Төлендіқызы - Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Денисов ауданындағы филиал директоры; Дюсебаев Азамат Амангелдіұлы – «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы; Аманшина Света Аманкосовна - зейнеткер; Таран Ирина Владимировна - кәсіпкер, зейнеткер; Достанов Болат Құланбайұлы – «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Денисов аудандық филиалының төрағасы, зейнеткер; Рагуля Владислав Сергеевич – «Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»  ММ басшысы; Важничий Валерий Юрьевич - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданының білім бөлімінің шығармашылық үйі» КММ басшысы.    

Шақырылғандар:

«Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы - Дранчуковская Лариса Анатольевна.

 Күн тәртібі:

Денисов аудандық мәслихатының «Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қарашадағы № 76 «Әлеуметтік көмек көрсету, оның мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімінің жобасын қарау.

Баяндамашы:

«Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы - Дранчуковская Лариса Анатольевна.