
2026 жылғы 18 наурызда сегізінші шақырылған Денисов аудандық мәслихатының кезекті он үшінші сессиясы өтті.
Сессия барысында депутаттар күн тәртібін бекітіп, бірқатар мәселелерді қарады.
Өкілді органның 2025 жылғы қызметі туралы есеппен Денисов аудандық мәслихатының төрағасы Шерер Виктор Викторович сөз сөйледі. Осы мәселені қарау барысында мәслихат жұмысына баға берілді, одан әрі қызметтің негізгі нәтижелері мен басым бағыттары белгіленді.
Депутаттар тұрақты комиссиялар төрағаларының есептерін де тыңдады. Экономика, Өзін-өзі басқару және бюджетті жоспарлау мәселелері жөніндегі комиссияның қызметі туралы Хазиев Марсель Гуфурович баяндады. Әлеуметтік қорғау, әлеуметтік саланы дамыту, құқықтық тәртіп пен заңдылық мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысы туралы Беркімбаева Раиса Назарқызы айтып берді.
Күн тәртібі шеңберінде 2026 жылы Денисов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, сондай-ақ ауылдар мен ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну туралы мәселе қаралды. «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Жалғаспаев Жанебек Мерекеұлы баяндады.
Депутаттар сондай-ақ мәслихат шешімдеріне құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның, сондай-ақ Денисов ауданы әкімдігі жанындағы қылмыстық жазаларды орындайтын мекемелер мен органдардың қызметіне жәрдемдесу және қылмыстық жазаларын өтеген адамдарға әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі консультативтік-кеңесші органның дербес құрамына қатысты өзгерістер енгізу туралы мәселелерді қарады. Аталған мәселелер бойынша Денисов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы Сабитова Семейгүл Серікқызы және «Денисов ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Дранчуковская Лариса Анатольевна сөз сөйледі.
Сонымен қатар, Денисов ауданы әкімдігінің жанындағы кәмелетке толмағандар арасында суицидтің алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамы бекітілді. Баяндаманы Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданының білім беру бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Тұрткараева Әлия Құсманқызы ұсынды.
Барлық қаралған мәселелер бойынша тиісті шешімдер қабылданды.