Денисов ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібі

Денисов ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібі

Денисов ауданының Қоғамдық кеңесі отырысының күн тәртібі 

Денисовка а.                                                                2026 жыл 26 ақпан

(ZOOM арқылы)                                                          сағат  15.00 

Кеңес төрайымы: Фрайденберг Оксана Станиславовна.

Кеңес мүшелері: Омарова Наргиз Сапарқызы – "Қайрат" Ш/Қ басшысының орынбасары; Ольденбург Иван Валерьевич – «Денисовское» КС маманы; Иржанов Мадияр Сабыржанұлы – Қостанай облысы әкімдігінің табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының  «Қамысты орман шаруашылығы мекемесі» КММ бас есепшісі; Әбілқайырова Ақерке Төлендіқызы - Қостанай облысы кәсіпкерлер палатасының Денисов ауданындағы филиал директоры; Дүйсебаев Азамат Амангелдіұлы – «Денисов ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы; Аманшина Света Аманкосовна - зейнеткер; Таран Ирина Владимировна - кәсіпкер, зейнеткер; Достанов Болат Құланбайұлы – «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Денисов аудандық филиалының төрағасы, зейнеткер; Рагуля Владислав Сергеевич – «Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі»  ММ басшысы; Важничий Валерий Юрьевич - Қостанай облысы әкімдігі білім басқармасының «Денисов ауданының білім бөлімінің шығармашылық үйі» КММ басшысы.    

Шақырылғандар:

1. Денисов ауданы әкімінің орынбасары - Подело Елена Николаевна.

2. «Денисов ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы – Жалғаспаев Жәнебек Мерекеұлы. 

3. «Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ басшысы - Хасанова Нағима Спанқызы.   

4. «Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы – Илдисов Еламан Нұрланұлы.

Күн тәртібі: 

1. Денисов ауданы әкімдігінің "Денисов ауданы бюджетінің атқарылуы туралы 2025 жылғы жылдық есеп туралы"қаулысының жобасын қарау.

2. Қостанай облысы Денисов аудандық мәслихатының "2026 жылы Денисов ауданының ауылдық елді мекендеріне жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдаушараларын ұсыну туралы" шешімінің жобасын қарау.

3. Денисов ауданы әкімдігінің "Денисов ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі "мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы "Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 36 қаулысына толықтыру енгізу туралы"Денисов ауданы әкімдігінің қаулысының жобасын қарау.

4. "Денисов ауданы әкімдігінің тұрғын үй - коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі "мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы "Қостанай облысы Денисов ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 5 наурыздағы № 59 қаулысына толықтырулар енгізу туралы"Денисов ауданы әкімдігінің қаулысының жобасын қарау.

Баяндамашы:   