12 ақпанда мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

12 ақпанда мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті

2026 жылғы 12 ақпанда Денисов аудандық мәслихатының төрағасы Шерер Виктор Викторовичтің төрағалығымен сегізінші шақырылған мәслихаттың кезектен тыс сессиясы өтті.

Сессия барысында келесі мәселелер қаралды:

1. Шығып қалғандардың орнына учаскелік сайлау комиссияларының мүшелерін сайлау туралы.

2. Мәслихаттың 2022 жылғы 13 сәуірдегі № 30 «Денисов ауданы әкімдігі жанындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

3. Мәслихаттың 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 98 «Денисов ауданы әкімдігінің жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

4. Мәслихаттың 2021 жылғы 12 қарашадағы № 70 «Денисов ауданы әкімдігінің дербес құрамын келісу туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

5. Денисов ауданы бойынша 2026 жылға шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелерін бекіту туралы.

6. «Кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның дербес құрамын бекіту туралы» мәслихаттың 2021 жылғы 12 қарашадағы № 72 шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Учаскелік сайлау комиссияларының жаңа мүшелерін сайлау мәселесі бойынша мәслихат төрағасы В.В. Шерер тыңдалды.

Денисов ауданы әкімдігі жанындағы комиссиялардың дербес құрамына өзгерістер енгізу туралы Денисов ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік-құқықтық бөлімінің басшысы С.С. Сабитова тыңдалды. Өз сөзінде ол кадрлық өзгерістерге байланысты комиссиялардың дербес құрамдарына өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы ақпарат берді.

2026 жылға арналған шетелдіктер үшін туристік жарна мөлшерлемелері туралы Денисов ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы В.С. Рагуля баяндады, 2026 жылы туристік жарна мөлшерлемелері болу құнының 0 пайызын құрайтын болады.

Сессия барысында Денисов аудандық мәслихатының депутаттары мәслихаттың тиісті шешімдерін қабылдауға дауыс берді.